«Гидротехникалық құрылыстар» зертханасы
Зертхана қызметі гидротехникалық құрылыс саласындағы ғылыми-тәжірибелік әзірлемелерді орындауға негізделеді. Жұмыс су ресурстарының тапшылығы жағдайында жер үсті суларын есепке алу, бақылау және басқару бойынша инновациялық су үнемдеу технологияларын енгізуге бағытталған. Бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды және су тұтыну көлемін азайтуды қамтамасыз етеді.
Қызметтің негізгі түрлері:
- Ғылыми-зерттеу негіздемесі және деректерді талдау: Топырақ материалдарынан жасалған кез келген мақсаттағы бөгеттерді жобалау және қайта жаңарту. Күрделі климаттық және инженерлік-геологиялық жағдайларда өндіріс қалдықтарын (шлактар, көмір қалдықтары) пайдалану, сүзу режимін, орнықтылықты, еңістерді бекітуді және кернеулі-деформацияланған жай-күйді есептеу.
- Техникалық сараптама: Гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және пайдалану мәселелері бойынша сараптама жүргізу, өндірістің гидрогеологиялық ортаға әсерін бағалау.
- Сенімділікті бағалау және тексеру: Ақауларды уақтылы анықтау және авариялардың алдын алу мақсатында нысандарды салу және пайдалану кезеңінде олардың жай-күйін тексеріп, тиісті ұсынымдар беру.
- Қауіпсіздік декларацияларын әзірлеу: Гидротехникалық объектілердің қауіпсіздік критерийлерін белгілеу, авария кезіндегі ықтимал зиянды есептеу, қауіпсіздік мониторингін жүргізу бойынша жобалар мен нұсқаулықтар дайындау.
- Мониторинг жүйелерін жобалау: Бақылау-өлшеу аппаратурасын (БӨА) орнату схемаларын әзірлеу және заттай бақылау нәтижелерін кәсіби талдау.
- Салу технологияларын пысықтау: Топырақ материалдарын үйінді құрылыстарға салу технологиясын жетілдіру (карьерлерді дайындау, тәжірибелік тегістеу жұмыстары).
- Геотехникалық бақылау: Гидротехникалық құрылыстарды салу кезінде сапаны бақылауды ұйымдастыру және жүргізу.
- Нормативтік қызмет: Топырақтан жасалған бөгеттерді жобалауға арналған нормативтік құжаттарды, техникалық шарттар мен қорытындыларды әзірлеуге қатысу.
- Мемлекеттік сараптама: Су шаруашылығы және өнеркәсіптік мақсаттағы гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздік декларацияларына сараптама жасау.
- Ғылыми кадрларды даярлау: Су шаруашылығы және АӨК мамандарының біліктілігін арттыру, магистранттар мен PhD докторлардың тағылымдамаларын ұйымдастыру.





