Су ресурстарын басқару

Жалпы мақсаты:
Су ресурстарын және су шаруашылығы жүйелерін тиімді, қауіпсіз әрі заманауи басқарудың ғылыми, әдістемелік және технологиялық негіздерін кешенді түрде әзірлеу; соның ішінде гидрологиялық және экологиялық процестерді болжау, стратегиялық жоспарлау, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу, су қоймаларын жобалау, сондай-ақ су ресурстарын бақылаудың, есепке алудың және есептеудің автоматтандырылған цифрлық жүйелерін енгізу.

Негізгі қызмет бағыттары:

Суармалы егіншіліктің әсер ету аймағындағы гидрологиялық процестер мен экологиялық жағдайларды болжаудың ғылыми негіздерін әзірлеу;

Су ресурстарын басқарудың ұлттық стратегияларын әзірлеу;

Әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде су шаруашылығы нысандары мен аумақтарының қауіпсіздігін мониторингілеу жүйелерін әзірлеу;

Су қоймалары құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау;

Гидротехникалық құрылыстардың (ГТҚ) техникалық жай-күйіне аспаптық талдау жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Гидрологиялық және гидротехникалық сипаттамаларды өлшеудің заманауи технологияларына сай келетін, жоғары дәлдікпен және цифрлық форматта жұмыс істеу мүмкіндігімен ерекшеленетін су ресурстарын бақылау, есепке алу және басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және енгізу;

Өлшенген су деңгейінің нәтижелері бойынша су шығынын автоматты түрде қайта есептеуге және анықтауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу.