Суару технологиясы және техникасы
Ауыл шаруашылығы дақылдарын суарудың инновациялық технологияларын және оларды жүзеге асыру үшін техникалық құралдарын жасауға, бейімдеуге және ендіруге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
Қызметінің негізгі бағыттары:
– ҚР барлық өңірлері бойынша суарудың суды үнемдеу жүйелерін жобалау;
– кез келген ауыл шаруашылығы дақылдары үшін әртүрлі болашағы зор болатын суару жүйелерін (тамшылатып суару, топырақ астымен суару, майда дисперсті жаңбырлату, импульсті жаңбырлату және т. б.) ендіру барысында ғылыми-әдістемелік көмек жасау және көрсету;
– дәстүрден тыс жаңартылатын энергия көздерін (гидравликалық таран, өздігінен қысымды жүйелер, күн және жел және т. б. энергия көздері) пайдаланып, суару технологияларын жасау және ендіру;
– ҚР суармалы егіншілігінде су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша ғылыми негіздеме және ұсыныстар;
– Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісіне үздік шетелдік суару технологияларын трансферттеу және бейімдеу;
– ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне суару технологиялары мен техникасы бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсету;
– жаңа суару техникасына тексеру сынақтарын жүргізу
– оқыту семинарларын, дала күндерін өткізу, суару технологиялары мен техникасын көрсету;
– суармалы егіншілік, суару технологиялары мен техникасы мәселелері бойынша АӨК мамандары мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту;
– Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде суару әдістері мен техникасының тиімділігін техникалық-экономикалық бағалау.