ҚазСШҒЗИ-де АҚШ-тың Аризона штаты делегациясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті

• Жаңалықтар

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазСШҒЗИ) АҚШ-тың Аризона штаты делегациясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Аризона штатындағы құрметті консулы Hallman Hugh Lee, оның бизнес-серіктесі Mahaffy Gregory John, Хью Холлманның ұлы Hallman Louis John, сондай-ақ Hallman & Affiliates, P.C. компаниясының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Бахтияр Хаджимуратұлы қатысты.

Кездесу барысында тараптар институттың негізгі қызмет бағыттарын, жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жобаларын және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады.

Су шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, ғылыми-техникалық тәжірибе алмасу және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы өзара ынтымақтастық жөнінде пікір алмасып, ҚазСШҒЗИ мен Аризона штатының университеттері арасындағы ғылыми және кәсіби байланыстарды нығайтуға бағытталған перспективалы ынтымақтастық бағыттарын айқындады.

Өткізілген кездесу халықаралық диалогты дамытуға және су ресурстарын ұтымды пайдалану мен басқару саласындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.