China Energy компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі

• Жаңалықтар

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазСШҒЗИ) China Energy компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында China Energy компаниясы мен ҚазСШҒЗИ қызметінің негізгі бағыттары, іске асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Тараптар су шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл, заманауи технологияларды енгізу, тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы жоспарларды талқылап, ҚазСШҒЗИ мен China Energy арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған перспективалық бағыттарды айқындады.