Абай облысында перспективалы суармалы жерлерге жерүсті мониторингі жүргізілді

• Жаңалықтар

2026 жылғы 18–30 тамыз аралығында «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері 254 ББ – аясындағы 4- ісшара – «Қазақстан Республикасының перспективалы суармалы жерлерінің өсуін ғарыштық және жерүсті мониторингі негізінде ақпараттық қамтамасыз ету» бойынша Абай облысында жерүсті мониторинг жұмыстарын жүргізді.
«Суару технологиялары мен техникасы» бөлімінің мамандары «ҰҒТЗО» АҚ бірлескен орындаушысының қызметкерлерімен бірге жерүсті зерттеу жүргізілетін полигондарды анықтап, Абай облысының Бесқарағай, Жарма, Аягөз, Жаңасемей және Ақсуат аудандарындағы таңдалған учаскелерде зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Зерттеу нәтижелері ғарыштық мониторинг деректерімен салыстырылып, верификацияланады. Алынған мәліметтер негізінде зерттелген учаскелердің тұрақты суаруға жарамдылығына алдын ала бағалау жүргізіледі. Іссапар аясында «Ертіс бассейндік су инспекциясы» РММ және «Қазсушар» РМК-ның Абай облысы бойынша филиалы қызметкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға «ҰҒТЗО» АҚ мамандары да қатысып, жерүсті және ғарыштық мониторинг нәтижелерін пайдалану, перспективалы суармалы жерлерді анықтау және бағалау мәселелері талқыланды.