Арал өңірінде фосфогипсті қолданудың тиімділігі зерттелді

• Жаңалықтар

Қызылорда облысы Арал ауданы аумағында орналасқан Қазақстандық Арал маңы және Арал теңізінің құрғаған түбіне «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері 2026 жылғы 12–19 тамыз аралығында «Арал маңының Қазақстан бөлігінде және Арал теңізінің құрғаған табанында фитомелиорациялық жұмыстар жүргізу кезінде фосфогипсті қолдану мүмкіндігінің ғылыми негіздемесі» тақырыбы бойынша ҒЗЖ орындау шеңберінде іс-сапар жасады.
Іс-сапар барысында аумақтың экологиялық-мелиоративтік жағдайын бағалау және фосфогипстің топырақ жамылғысына әсерін анықтау мақсатында рекогносцировкалық жұмыстар мен тәжірибелік учаскелерге тексеру жүргізілді. Зерттеу Арал маңы жағдайында фосфогипсті қолдану тиімділігі зерттеліп жатқан 4 тәжірибелік учаскеде жүзеге асырылды. Далалық жұмыстар барысында топырақ жамылғысының жай-күйіне, тәжірибелік учаскелердің жалпы жағдайына және қолданылып жатқан фосфогипстің топырақ-мелиоративтік көрсеткіштеріне әсер ету ерекшеліктеріне баға берілді. Сонымен қатар тәжірибелік учаскелердегі ағаш-бұта өсімдіктерінің өнгіштігі есепке алынды. Егілген өсімдіктердің нақты жағдайы, олардың сақталуы мен Арал теңізінің құрғаған түбінің табиғи-климаттық және топырақ жағдайларына бейімделуі анықталды. Алынған материалдар фито-орман мелиорациясы іс-шараларын жүргізу кезінде фосфогипсті мелиоративтік компонент ретінде қолдану тиімділігін кейіннен бағалау үшін пайдаланылатын болады.