«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас инженері лауазымына Шамуратов Нажмадин Шакизадаұлы тағайындалды.

• Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Н. Алдамжаров «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында институт ұжымына «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің бас инженері лауазымына тағайындалған Шамуратов Нажмадин Шакизадаұлын таныстырды.
Шамуратов Нажмадин Шакизадаұлы 29 наурыз 1963 жылы Қазақстан Республикасы, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.
Білімі: жоғары, 1981-86 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «Гидромелиорация», 1996-1999 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құқықтану», 2002-2004 жылдар аралығында «Қайнар» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Жалпы еңбек өтілі: 43 жыл, мемлекеттік қызметте – 34 жыл.
Еңбек жолын бригадир, мастер болып бастаған. Қызылорда облысы Қазалы аудандық комсомол комитетінің екінші, кейін бірінші хатшысы болған. Қызылорда облысы Қазалы аудандық әкімшілік жанындағы жастар жөніндегі комитетінің төрағасы қызмет атқарған.
2002 жылы Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, 2004 жылы Қазалы ауданының әкімі;
2005-2010 жж Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы;
2010-2011 жж Қызылорда облысының сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы;
2011-2013 жж Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры;
2013-2015 жж Қармақшы ауданының әкімі;
2015-2017 жж Қазалы ауданының әкімі;
2017-2019 жж Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі болды.
2019-2023 жж ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.
2023 жылдың наурызынан бастап «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» СЖКБД филиалының директоры лауазымына тағайындалды. Филиалдың атауы кейін «Сыр суы» болып өзгертілді.
2025 жылдың қазан айынан бастап «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы басшысының міндетін атқарды.
Мемлекеттік маңызы бар ірі жобаларды іске асырып, құрылыс саясатының облыста дұрыс қалыптасуына елеулі үлес қосты. «100 мектеп, 100 аурухана», «Ақбұлақ», «Көпқабатты тұрғын үйлерді модернизациялау», «Қызылорда қаласын газдандыру», «100 көше» т.б. мемлекеттік, әлеуметтік бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылуына өзіндік қолтаңбасын қалдырып, зор нәтижелерге қол жеткізді.
Нажмадин Шакизадаұлының негізгі мамандығы инеженер-гидротехник. Осы саланың мәселелерін етене түсініп, тынбай еңбек етіп келеді.
Наградалар: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл, 20 жыл, 25 жыл мерекелік медалдерімен, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» құрмет белгісімен, «Құрмет» орденімен наградталған. Қызылорда облысы, Қармақшы және Қазалы аудандарының құрметті азаматы.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.