Жайылымдарды суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат
2026 жылғы 4–13 тамыз аралығында Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына іссапар барысында ауылшаруашылығын сумен жабдықтау бөлімінің қызметкерлері тарапынан төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жайылымдарды суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау бойынша далалық зерттеулер жүргізу әдістемесі келісілді. Павлодар облысындағы ауыл шаруашылығының құрылымы, мал басының саны және жайылымдық аумақтардың болуы туралы деректер алынды.
Павлодар облысының Баянауыл, Май және Аққулы аудандарына жайылымдарды суландыруға арналған су алу құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау мақсатында іссапарлық шығулар жүзеге асырылды. Барлығы 10 су алу құрылысы тексерілді.
Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жайылымдарды суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау бойынша далалық зерттеулер жүргізу әдістемесі келісілді. Абай облысындағы ауыл шаруашылығының құрылымы, мал басының саны және жайылымдық аумақтардың болуы туралы деректер алынды.
Абай облысының Абай, Жарма және Аягөз аудандарына су алу құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау мақсатында іссапарлық шығулар жүзеге асырылды. Барлығы 14 су алу құрылысы тексерілді.
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жайылымдарды суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау бойынша далалық зерттеулер жүргізу әдістемесі келісілді. Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығының құрылымы, мал басының саны және жайылымдық аумақтардың болуы туралы деректер алынды.
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан, Күршім және Катонқарағай аудандарына су алу құрылыстарының техникалық жай-күйін бағалау мақсатында іссапар жүзеге асырылды. Жалпы саны 5 су алу құрылысы тексерілді.