Түркістан облысының Жетісай ауданында суармалы жерлерде судың қолжетімділігін арттыру үшін тік дренаждық ұңғымалардан (ТДҚ) суды қайта пайдалану жұмыстары жүргізілді.

• Жаңалықтар

2026 жылдың 3-7 тамыз аралығында «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Суармалы аумақтың мелиорациясы және экологиясы» бөлімінің қызметкерлері AР23485228 «Суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін дренаждық суларды суаруға қайта пайдалана отырып арттыру» атты ГҚ жобасын іске асыру аясында Түркістан облысының Жетісай ауданына іссапармен барды.
Іс-сапар барысында жобаның күнтізбелік кестесіне сәйкес зерттеу жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік учаскелердегі мақтаның өсуі мен дамуына фенологиялық бақылаулар жүргізілді, соның ішінде өсімдіктердің жағдайы мен негізгі даму көрсеткіштері бағаланды.
Судың минералдануы мен химиялық құрамын анықтау үшін кейінгі зертханалық талдау үшін ТДҚ-дан су үлгілері алынды. Сондай-ақ, химиялық талдау және оның мелиорациялық жағдайындағы өзгерістерді бағалау үшін топырақ үлгілері алынды.
Алынған деректер мен далалық зерттеулердің нәтижелері суармалы жерлерде судың қолжетімділігін арттыру үшін тік дренаждық ұңғымалардан суды қайта пайдалану мүмкіндігін бағалау және Жетісай ауданында оларды пайдалану бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.