«Суарудағы суды есепке алу және суды бөлу технологиялық процестерін цифрландыру»
Ғылыми-зерттеудің негізгі мақсаты: суару жүйелеріндегі суды реттеу және суды бөлу процестерінің техникалық жай-күйін, цифрландыру мен автоматтандыру мүмкіндіктерін айқындау.
16.07 – 24.07.2026 жылғы іс-сапар барысында «Суарудағы суды есепке алу және суды бөлу технологиялық процестерін цифрландыру» 254 бюджеттік бағдарламасының 7-ші іс-шарасы аясында Алматы облысының су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нысандары ретінде Үлкен Алматы каналында, сондай-ақ Шелек және Күрті өзендеріндегі оң және сол жағалаулық каналдары, сондай-ақ Малыбай-1 магистральды каналы қарастырылды. Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында гидротехникалық қақпалардың техникалық жағдайын анықтап, жай-күйі зерделенді. Нысандарда су пайдалану режимдері, су жіберу көлемдері, гидрологиялық көрсеткіштер және техникалық пайдалану құжаттамалары бойынша бастапқы деректер жинақталды.