Павлодар облысында жерлерді ғарыштық және жерүсті мониторинг деректерін верификациялау жұмыстары жүргізілді

• Жаңалықтар

2026 жылғы 14-25 шілде аралығында ББ 254 бойынша «Қазақстан Республикасындағы перспективалы суармалы жерлердің өсуін ғарыштық және жерүсті мониторинг негізінде ақпараттық қамтамасыз ету» 4-ші іс-шарасы аясында Павлодар облысына іссапар ұйымдастырылды.
4- ші іс-шара шеңберінде «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Суару технологиялары мен техникасы» бөлімінің мамандары Павлодар облысында жерүсті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Бірлескен орындаушы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ-мен бірге Павлодар облысы аумағында жерүсті зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған полигондарды таңдау жұмыстары жүзеге асырылды.
Іссапар барысында Павлодар облысының Ақтоғай, Май аудандарында, Ақсу қалалық әкімшілігі, Екібастұз қалалық әкімшілігі аумақтарындағы таңдалған учаскелерде зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Жерүсті зерттеулері барысында алынған нәтижелер зерттелетін учаскелер бойынша ғарыштық мониторинг нәтижелерімен верификацияланады. Алынған деректер негізінде Павлодар облысындағы зерттелген учаскелердің тұрақты суаруға жарамдылығына алдын ала бағалау жүргізіледі.