254 ББ аясында Шардара ауданында мелиорациялық мониторинг жұмыстары жүргізілді
2026 жылғы 2-9 шілде аралығында 254 ББ-ның 8-ші іс-шарасы бойынша Түркістан облысы, Шардара ауданында «Суармалы аумақтардың мелиорациясы және экологиясы» бөлімінің мамандары Түркістан облысы Шардара ауданында қызметтік іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында Алатау батыр а/о маңындағы тұзданған жерлерден топырақ үлгілері, тәжірибелік учаскеден топырақ және су үлгілері химиялық сараптамаға алынды. Тәжірибелік учаскеде лизиметрлерді топырақ монолитімен зарядтау жұмыстары жүргізілді. Лизиметрлердегі тұз тасымалын зерттеу үшін тәжірибелік учаскеге жақын маңдағы суару каналынан 40 литр көлемінде су алынды. Қызылқұм магистралды каналынан, Алатау батыр а/о коллекторынан және Шардара су қоймасынан, Шардара ауданы суару желілерінен химиялық сараптамаға су үлгілері алынды.