Қазақстан–Қытай бірлескен оқу орталығы мен «Цзинчу» шеберханасы ашылды

• Жаңалықтар

Қазақстан–Қытай бірлескен оқу орталығы мен «Цзинчу» шеберханасы ашылды 2026 жылғы 23 шілдеде Тараз қаласында «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында ENERGY CHINA делегациясының қатысуымен «Үш шатқал» электр энергетикасы кәсіптік колледжінің оқу орталығы мен «Цзинчу» шеберханасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі ұйымдастырылып, тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, оқу орталығы мен «Цзинчу» шеберханасының қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективаларын талқылады. Кездесу барысында қазақстандық және қытайлық тараптар өз ұйымдарының қызметі, ғылыми және білім беру әлеуеті, кадрлар даярлау тәжірибесі мен алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттары туралы презентациялар ұсынды. Іс-шара соңында қатысушылар оқу орталығы мен «Цзинчу» шеберханасының ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-білім беру саласындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, екі елдің жоғары білікті кадрлар даярлау ісіне тың серпін беретініне сенім білдірді.