8, 9 шілде күндері «Су шаруашылығы қызметкерлері» күніне орай Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында үстел теннисі мен шахматтан мерекелік турнирлер өтті.

Іс-шара институт қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және кәсіби мерекені атап өту мақсатында ұйымдастырылды. Турнирлерге қызметкерлер белсенді қатысып, жоғары спорттық шеберлік пен тартысты ойын өрнегін көрсетті.