«Жерді дистанциялық зондтау мәліметтерін және өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтынуы мен  суару тәртіптерін түзету үшін спутниктік картаға түсіру технологияларын пайдаланып, Сырдария өзені бассейні аумағының гидромодульдік аудандастыруын түзету» жобасы.

• Жобалар

Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитеті Француз даму агенттігінің («AFD») гранты есебінен 2025 жылғы мамырда «Жерді дистанциялық зондтау мәліметтерін және өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтынуы мен  суару тәртіптерін түзету үшін спутниктік картаға түсіру технологияларын пайдаланып, Сырдария өзені бассейні аумағының гидромодульдік аудандастыруын түзету» атты халықаралық жобаны іске асыруға кірісті:

Жобаның қатысушылары:

– Қазақстан Республикасы. Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазСШҒЗИ)

– Өзбекстан Республикасы. Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының ғылыми-ақпараттық орталығы (ХСҮК ҒАО)

Жобаның мақсаты – Жерді дистанциялық зондтау (ЖДЗ) технологияларын және географиялық ақпараттық жүйелерді (ГАЖ) пайдалана отырып, Сырдария өзені бассейні аумағының гидромодульдік аудандарының шекараларын түзету.

Жоба шеңберінде ЖДЗ деректерін, жердегі бақылаулар мен ГАЖ интеграциялауға негізделген кешенді тәсіл қолданылады. Әдістердің бұл үйлесімі суармалы жерлердің жағдайы және жекелеген аумақтар бөлінісінде нақты су тұтыну туралы объективті және егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Репрезентативтік учаскелердегі өлшеудің спутниктік мониторингімен қатар, жер бетіндегі зерттеулер жүргізіледі және бұл деректерді тексеруді қамтамасыз етеді және алынған нәтижелердің сенімділігін арттырады.  Сонымен қатар, ауа температурасының жоғарылауы мен су балансының өзгеруін ескеретін климаттың өзгеру сценарийлері жобаға біріктіріледі. Бұл болашақ климаттық жағдайларды ескере отырып, суару нормаларын түзетуге және өңірдің ауыл шаруашылығының ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Жерді дистанциялық зондтау (ЖДЗ) технологияларын іске асыру үшін «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ мамандары тартылды.