Су шаруашылығы қызметкерлері күні: институт мамандары жоғары марапаттарға ие болды.
Бүгін Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының Жамбыл облысындағы негізгі этносаралық және мәдени орталығы Халықтар достығы үйінде «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл филиалының, Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі Шу-Талас бассейндік су инспекциясының, «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарын арнайы марапаттау, құттықтау концерті өтті.
Шара барысында сала мамандарына Құрмет және Алғыс грамоталары, «Су шаруашылығының үздігі» және «Су шаруашылығының ардагері» марапатталды, сонымен қатар кәсіподақ саласынан төсбелгілер табысталды.
Қазақ «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қызметкерлері Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің наградаларымен марапатталды:
- «СРБ» бөлімінің инженер зерттеушісі Сейтасанов Ыдырыс – «Су шаруашылығының үздігі» төс белгісімен,
- «СТжТ» бөлімінің ғылыми қызметкері Рысмаханов Нұржау Кабылұлы – Құрмет грамотасымен,
- «АШСҚ» бөлімінің инженер зерттеушісі Жақсыбек Берік Маратұлы – Алғыс хатпен,
- «АШСҚ» бөлімінің инженер зерттеушісі Басманов Иван Викторович – Алғыс хатпен,
- қарауылдар Тилетаев Дидарбек және Қыстаубаев Марат Қауменұлы – Алғыс хаттармен марапатталды.
Шара соңы концерттік іс шарамен аяқталды.