Балқаш ауданында суармалы жерлердің мелиорациясы бойынша кешенді далалық зерттеулер жүргізілді
2026 жылғы 22-30 маусым аралығында 254 ББ-ның 6-шы іс-шарасы бойынша «Суармалы аумақтардың мелиорациясы және экологиясы» бөлімінің мамандары Алматы облысы Балқаш ауданында қызметтік іс-сапарда болды.
Іс-сапар барысында стационарлық учаскелерде далалық зерттеулер жүргізілді, Балқаш ауданының су тұтынушыларының ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру құрылымы туралы деректер жиналды, «Алматыоблсушар» ШЖҚ МКК Тасмұрын өндірістік учаскесіндегі Ақдала суармалы массиві бойынша су тұтынушыларға су беру және коллекторлық-дренаждық ағын көлемі туралы мәліметтер жиналды, коллекторлық-дренаждық және суару желісіне маршруттық тексеру жүргізілді, химиялық талдауға топырақ пен су үлгілері алынды, Зертханалық жағдайда сорбенттер мен мелиоранттарды араластыру және пайдалану бойынша технологиялық параметрлерді пысықтау үшін суару және дренаждық су үлгілері жиналды.
