Республикалық Егінжай күні

• Жаңалықтар

2026 жылғы 20 маусымда Алматы облысы, Қарасай ауданында «Тұрақты даму негізіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі цифрлық технологиялар» тақырыбында республикалық Егінжай күні өтті.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты атынан бас ғылыми қызметкер Н.Н. Балғабаев және ҚазСШҒЗИ ғылыми қызметкер Ж.И. Минарбеков, Т.Қ. Иманалиев, Н. Егенбердиев, Ғ. Исмайлов, Д. Төребек қатысты.
Іс-шара барысында институттың бас ғылыми қызметкері Н.Н. Балғабаев «Су есебі және су бөлу процестерін цифрландыру» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада суармалы егіншілікте су ресурстарын тиімді пайдалану, су есебін нақты жүргізу, су тарату жүйелерін автоматтандыру және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.
ҚазСШҒЗИ ғалымдары іс-шараға қатысып, ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқару, су есебі және су тарату жүйелерін цифрландыру бағыттары бойынша тәжірибе алмасуға қатысты.