DeepBas халықаралық тренингі: су ресурстарын басқарудағы жасанды интеллекттің жаңа технологиялары
2026 жылғы 8–14 маусым аралығында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Мирдадаев М.С. Чжэцзян технологиялық университетінің Географиялық ақпарат колледжі ұйымдастырған «Су ресурстарын басқаруға арналған жасанды интеллекттің интеграцияланған технологиялары бойынша Қытай Халық Республикасының Дэцин, Ханчжоу және Шанхай қалаларында өтті.
Семинар барысында жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, қуаң және жартылай қуаң аймақтардағы су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдері қарастырылды. Қатысушыларға деректерді интеграциялауға, су ресурстарын динамикалық модельдеуге және болжауға, зияткерлік мониторинг жүргізуге, өзен алаптарын басқаруға және суару жүйелерін оңтайландыруға арналған мамандандырылған модельдер таныстырылды. Сонымен қатар, су шаруашылығы саласында басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында цифрлық технологияларды практикалық қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тренинг аясында Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компаниялары мен ғылыми-зерттеу орталықтарына, атап айтқанда Hangzhou Shenhao Technology Co., Ltd., Zhejiang Zhonghe Technology Co., Ltd., Shanghai Huace Navigation Technology Co., Ltd., Tudou Data Technology Group Co., Ltd., сондай-ақ Моганьшань геоақпараттық зертханасына танымдық сапарлар ұйымдастырылды. Қатысушыларға геоақпараттық технологиялар, спутниктік навигация және жасанды интеллект негізінде су ресурстарын басқару, экологиялық мониторинг жүргізу және табиғи қауіп-қатерлердің алдын алу бағытындағы заманауи цифрлық шешімдер таныстырылды.
Аталған тренингке қатысу су шаруашылығы саласында жасанды интеллект пен кеңістіктік-уақыттық талдау технологияларын қолданудың озық халықаралық тәжірибесін зерделеуге, шетелдік ғалымдармен және салалық мамандармен кәсіби байланыстар орнатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесіне инновациялық цифрлық шешімдерді енгізу және болашақтағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.