Жайылымдарды суландыру үшін жер асты суларының болуы және пайдаланылуы бойынша гидрогеологиялық карталар

• Енгізу мен нәтижелер

“ҚазСШҒЗИ” ЖШС-нің “Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау” бөлімімен Қазақстан Республикасының барлық облыстары бойынша жайылымдық аумақтарын суландыру үшін жер асты суларының болуы мен пайдаланылуы бойынша 1:200 000 масштабында гидрогеологиялық карталар әзірленді.Гидрогеологиялық карталар BR 22883585 “Жайылымдардың өнімді әлеуетін арттыру мен ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларынәзірлеу’ ғылыми-техникалық бағдарламасы (ҒТБ), “Жер асты суларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының жайылымдарын тиімді суландыру әдістерін әзірлеу” іс-шарасы бойынша әзірленді.