ЖТН АР23490147. Жетекші: Мирдадаев М.С.
2025 жылға арналған 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыруы аясындағы АР23490147 жобасы бойынша есеп. «Жоғары тиімді органоминералды компост-мелиорантты пайдалану арқылы деградацияланған суармалы жерлерді қарқынды мелиоративтік жақсарту технологиясын әзірлеу».
Жобаның мақсаты: жоғары тиімді органоминералды компост-мелиорантты пайдалану арқылы Қазақстанның оңтүстігіндегі деградацияланған суармалы жерлерді қарқынды мелиоративтік жақсарту технологиясын әзірлеу.
Жұмыс бағыты: Топырақ сапасының өзекті мәселелерін, жердің деградациясы мен шөлейттенуін зерттеу.
Қолдану саласы: Жаратылыстану ғылымдары, Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар. Жер туралы ғылымдар.
- 2025 жылға арналған тапсырмалар:
-алынған органоминералды компост-мелиоранттың ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуына және деградацияланған суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға кешенді әсерін анықтау мақсатында тәжірибелік учаскеде далалық зерттеулер жүргізу;
-жоғары тиімді органоминералды компост-мелиорантты пайдалану арқылы Қазақстанның оңтүстігіндегі деградацияланған суармалы жерлерді қарқынды мелиоративтік жақсарту технологиясын әзірлеу;
-өнертабысқа патент алу;
-Web of Science базасының Science Citation Index Expanded дерекқорында индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 50 процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда 1 (бір) ғылыми мақаланы дайындау және жариялау.
Зерттеу әдістемесі Қазақстанның оңтүстігіндегі деградацияланған суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында органоминералды компост-мелиорантты қолдану тиімділігін зерттеу бойынша кешенді зертханалық және далалық зерттеулер жүргізуден тұрды.
Зерттеулер органоминералды компост-мелиорантты әртүрлі мөлшерде енгізудің топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттеріне, соның ішінде қарашірік мөлшерінің өзгеруіне, тұздану дәрежесіне, топырақ ерітіндісінің реакциясына (pH) әсерін зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар, компост-мелиоранттың ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуіне, дамуына және өнімділігіне әсері бағаланды.
Әзірленген технологияның тиімділігін бағалау үшін тәжірибелік учаскелердің мелиоративтік жағдайына мониторинг жүргізілді, топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің өзгеру динамикасына талдау жасалды, сондай-ақ эксперименттік деректер жалпы қабылданған математикалық статистика және дисперсиялық талдау әдістерін қолдану арқылы статистикалық өңдеуден өтті.
Топырақ және су үлгілеріне зертханалық талдаулар ҚазСШҒЗИ химиялық зертханасында қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемелер бойынша орындалды.
Жұмыс нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігіндегі деградацияланған суармалы жерлерді қарқынды мелиоративтік жақсарту үшін органоминералды компост-мелиорантты қолданудың тиімділігі бойынша ғылыми негізделген деректер алынды, оның топырақтың агрофизикалық, агрохимиялық және мелиоративтік қасиеттеріне, сондай-ақ мақта дақылының өсуіне, дамуына және өнімділігіне әсері анықталды.
Зерттеулер нәтижесінде деградацияланған суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартуға арналған жоғары тиімді органоминералды компост-мелиорантты қолдану технологиясы әзірленді, патент алынды, сондай-ақ Web of Science базасының Science Citation Index Expanded дерекқорында индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 50 процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымға 1 (бір) ғылыми мақала ұсынылды.
Нәтижелерді қолдану саласы – барлық меншік нысанындағы агроқұрылымдардың деградацияланған суармалы жерлері.
Жұмыстың маңыздылығы – химиялық-биологиялық ыдырау процестері мен тұрмыстық-шаруашылық ағын сулардың белсенді тұнбасын минералды химиялық мелиорант – фосфогипспен араластыру арқылы алынған жоғары тиімді органоминералды компост-мелиорантты пайдалану негізінде Қазақстанның оңтүстігіндегі деградацияланған суармалы жерлерді қарқынды мелиоративтік жақсарту технологиясын әзірлеуде.
Зерттеу нысанын дамыту бойынша болжамдық ұсыныстар – жоғары тиімді органоминералды компост-мелиорантты пайдалану арқылы Қазақстанның оңтүстігіндегі деградацияланған суармалы жерлерді қарқынды мелиоративтік жақсарту технологиясын енгізу арқылы ҒЗЖ нәтижелерін ауқымдау.
ҒЗЖ орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. 2025 жылға арналған есеп қысқаша мәліметтер түрінде ұсынылды.