ЖТН АР23485228. Жетекшісі: Аманбаева Б.Ш.

• Гранттар

ҚР ҒЖБМ Ғылым комтетінің гранттық қаржыландыру шеңберінде АР23485228 жобасы бойынша 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасының 2025 жылғы есебі. «Суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін дренаждық суларды суаруға қайта пайдалана отырып арттыру».

Мақсаты: Ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға дренаждық-ағызу суларын қайта пайдалана отырып, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыру.

Бағыты: Топырақ сапасының өзекті мәселелерін, жердің деградациясын және шөлейттенуді зерттеу

Қолдану саласы: Жаратылыстану ғылымдары, Жер және қоршаған орта туралы ғылымдар. Жер туралы ғылымдар.

Бағдарламаның міндеттері:

Жобаның қойылған мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

– Түркістан облысы Мақтаарал және Жетісай аудандарының суару жүйелерінің техникалық жағдайы, жер үсті және дренаждық сулардың сапалық құрамы, суармалы жерлердің сортаңдану және тұздану дәрежесі бойынша көпжылдық материалдарды жинау және бағалау.

– ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға дренаждық-ағызу суларын қайта пайдалану технологиясын бейімдеу және көрсету үшін 2 тәжірибелік учаскені таңдау және жабдықтау;

– олардың сапалық құрамын бағалау үшін химиялық талдауға суармалы топырақ пен су сынамаларын алу;

– ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға дренаждық-ағызу суларын пайдаланудың шектерін белгілеу;

– суармалы жерлердің экологиялық-мелиоративтік жағдайына дренаждық-ағызу суларын пайдаланудың әсерін белгілеу;

– ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға дренаждық-ағызу суларын қайта пайдалану жөніндегі 1 технологияны әзірлеу:

– суармалы жерлерде дренаждық-ағызу суларын пайдалану жөнінде 1 ұсынымдар дайындау;

– зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша пайдалы модельге 1 патент әзірлеу және дайындау;

– «Дала күнін» өткізу және ауыл шаруашылығы өндірушілерін суаруға дренаждық-ағын суларды қайта пайдалану технологияларын қолдануға үйрету;

– 2 га алаңда ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға дренаждық-ағызу суларын қайта пайдалану технологиясын енгізу;

– Web of Science базасының Science Citation Index Expanded индекстелетін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 50 (елу) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда жариялау үшін 3 мақала дайындау;

– Ғылым және жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған рецензияланған шетелдік немесе отандық басылымда 1 (бір) мақала немесе шолу;

– ғылыми журналдарда немесе конференцияларда 1 (бір) мақала жариялау.

Қойылған міндеттерді шешу үшін Түркістан облысының Жетісай ауданындағы «Кетебай» өндірістік кооперативінің суармалы жерлерінде және Мақтаарал ауданындағы «Андас» шаруа қожалығында жалпы ауданы 2 га болатын тәжірибелік учаскелер ұйымдастырылады.

Тәжірибелік учаскелерге берілген су көлемін анықтау үшін олар су өлшеу құрылғыларымен жабдықталады. Жер асты сулары деңгейінің және минералдануының, сондай-ақ дренаж суларының динамикасын анықтау үшін тәжірибелік учаскелер пьезометрлермен жабдықталады.

Жер үсті және дренаждық-ағынды сулардың минералдануы, сондай-ақ суармалы топырақтардың химиялық талдауы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының химиялық зертханасында анықталады.

Сонымен қатар, жобаны орындау барысында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мелиорация, экология және сумен жабдықтау бөлімінің соңғы және алдыңғы жылдары жүргізілген зерттеулерінің материалдары пайдаланылады.

Нәтижелер:

Суармалы жерлердің тұздану дәрежесі мен түрі бойынша материалдар жиналып, Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарындағы суармалы жерлердің жер үсті және дренаждық сулардың сапалық құрамы, топырақтардың тұздану және сортаңдану дәрежесі бойынша материалдар жинақталып, қорытындыланды.

2025 жылға арналған жұмыс бағдарламасы 11–12.03.2025 ж. №2 Ғылыми кеңес отырысында бекітілді.

ҒЗЖ нәтижелері бойынша 1 қазақстандық патент №9800 «Ашық каналдағы коллекторлық-дренаж суларын дайындауға арналған гидро-қоректендіргіш» пайдалы модельге алынды. (Авторлар: Аманбаева Б.Ш., Джайсамбекова Р.А., Басманов А.В., Шайдуллина Е.Г., Балгабаев Н.Н., Салимбаев Р.Р., Басманов И.В.).

Жер үсті және дренаждық сулардан химиялық талдауға сынамалар алынып, олардың сапасы зерттелді. Суармалы жерлердің топырақтарынан химиялық талдау үшін сынамалар алынды.

Дренаж суларын суару мақсатында пайдалану шектері анықталды.

Тәжірибелік учаскелер топырақтарының сапалық құрамын өңдеу және талдау нәтижелері бойынша топырақтардың экологиялық-мелиорациялық жағдайы анықталды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін дренаж суларын қайта пайдалану технологияларын әзірлеу мақсатында далалық зерттеулер жүргізілді.

2025 жылғы 6 тамызда Түркістан облысы Жетісай ауданында дренаж суларын қайта пайдалану технологияларын қолдану бойынша «Дала күні» өткізіліп, ауыл шаруашылығы өндірушілері оқытылды.

ҒЗЖ нәтижелері бойынша «Ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруда дренаждық-ағынды суларды қайта пайдалану арқылы су қамтамасыз етілуін арттыру технологиясы» әзірленді.

ҒЗЖ нәтижелері бойынша Scopus базасында рецензияланатын басылымдарға 2 ғылыми мақала дайындалып, жіберілді.

КОКНВО ұсынған отандық басылымда 1 ғылыми мақала жарияланды.

Жарияланған ғылыми мақалалардың тізімі:

  • ҒЖБССҚЕК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымдардағы жарияланымдар
  • Dzhaisambekova R. A., Amanbayeva B. Sh., Basmanov A. V., Shaydullina Y. G., Balgabayev N. N., Salimbayev R. R., Kabyl T. M., ASSESSMENT OF THE IMPACT OF SURFACE AND COLLECTOR DRAINAGE WATER QUALITY ON THE ECOSYSTEM (ОЦЕНКА ВЛИЯНИЯ КАЧЕСТВА ПОВЕРХНОСТНЫХ И КОЛЛЕКТОРНО-ДРЕНАЖНЫХ ВОД НА ЭКОСИСТЕМУ), ISSN 2305-9397. Научнo-практический журнал Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана, Наука и образование, 2-бөлім, № 2-3 (79) 2025, DOI 10.52578/2305-9397-2025-2-3-152-160. С. 152-160.

ҒЗЖ орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық жұмыстар толық көлемде орындалды.

2025 жылғы есеп қысқаша түрде ұсынылған. Тіркеу нөмірі № 0325РК010003.