«RES 2026 EXPO» жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдердің халықаралық көрмесі

• Жаңалықтар

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында, Орталық Азияның өңірлік экологиялық саммиті — RES 2026 аясында жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдерге арналған RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі өтті.
Көрме барысында «ҚазСШҒЗИ» ЖШС «Летру» компаниясымен бірлесіп су ресурстарын басқару, цифрлық су есебі және инновациялық өлшеу технологияларын енгізу саласындағы заманауи шешімдерді таныстыратын көрме стендін ұсынды. Стендте ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша материалдар мен ақпараттар ұсынылды. Атап айтқанда, су есептеудің заманауи құралдарын қолдану, цифрлық мониторинг жүйелері және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға арналған технологиялар қамтылды.