BR23791322. Жетекшісі: Балгабаев Н.Н. (2024)
BR23791322. Бағдарламаның атауы: «ҚР су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын сақтаудың, молықтырудың және тиімді бөлістірудің ғылыми-техникалық қамтамасыздығы».
Мақсаты: Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын жаңартылатын су ресурстарын барлық су шаруашылығы бассейндері бойынша тиімді бөлістіру.
Негізгі бағыттары мен міндеттері
Бағдарлама аясында 2024 жылы 8 негізгі іс-шара жүзеге асырылды:
- Жер беті және жер асты су ресурстарының болуын бағалау және болжау.
- Ғарыштық және жер беті мониторингі негізінде суармалы жерлердің өсуін ақпараттық қамтамасыз ету.
- Суды үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы шығындарды азайту және цифрландыру.
- Су ресурстары сапасының жерлердің мелиоративтік жағдайына әсерін зерттеу.
2024 жылдың нәтижелері
Күнтізбелік жоспарға сәйкес спутниктік мәліметтер негізінде болашағы зор болатын суармалы жерлердің өсуін анықтаудың арнайы әдістемесі әзірленді. Барлық жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды.
Ғылыми жарияланымдар
Зерттеу нәтижелері бойынша «География және су ресурстары», «Science and world», «Нефть и газ» және т.б. беделді басылымдарда 8 ғылыми мақала жарық көрді. Жарияланымдарда климаттың өзгеруі, гидрологиялық бақылау және суармалы жүйелердің техникалық деңгейі мәселелері көтерілген.
2024 жылға арналған жылдық есеп ГОСТ 7.32-2017 талаптарына сәйкес Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығында тіркелген. Тіркеу нөмірі: № 0224РК00921.