BR23791322. Жетекшісі: Балгабаев Н.Н. (2025)
Бағдарламаның атауы: «ҚР су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын сақтаудың, молықтырудың және тиімді бөлістірудің ғылыми-техникалық қамтамасыздығы» (2025 жылға арналған 254 «Су ресурстарын тиімді басқару» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы).
Мақсаты: Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жыл сайын жаңартылатын су ресурстарын барлық су шаруашылығы бассейндері бойынша тиімді бөлістіру.
Ғылыми бағыт: Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану (Су ресурстары).
Қоса орындаушы ұйымдар:
- «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ;
- «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС;
- «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.
Негізгі нәтижелер (2024-2025 жж.):
- ҚР сушаруашылық бассейндері бойынша жер беті және жаңартылатын жерасты су ресурстарының болуын бағалау және болжау бойынша ұсынымдар жасалды.
- Өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, су ресурстарын тиімді пайдалану және су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірленді.
- Перспективті суармалы жерлердің өсуін ғарыштық және жерүсті мониторингі негізінде ақпараттық қамтамасыз ету жолдары ұсынылды.
- Суды үнемдеу технологияларын (субирригация, суларды араластыру) пайдаланудың және суды есепке алуды цифрландырудың әдістемелік негіздері жасалды.
- Су ресурстары сапасының суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайына әсерін бағалау әдістемесі әзірленді.
Интеллектуалдық меншік (Патенттер):
- «Суару каналдарының ағын қондырғыларын үздіксіз қуаттандыру жүйесі» (№10761, 20.06.2025 ж.);
- «Дренажды – ағынды суларды қайта пайдалануға арналған тәсілмен құрылғы» (№11082, 05.09.2025 ж.);
- «Дренаждық-қашыртқы суын қайта пайдалану тәсілі» (№11165, 19.09.2025 ж.);
- «Су деңгейін өлшеудің цифрлық модулі» (Патентке өтінім №2025/1275.2).
Жарияланымдар: Бағдарлама аясында 2025 жылы халықаралық және отандық (ҒЖБССҚЕК ұсынған) ғылыми басылымдарда, соның ішінде «Ғылым және білім», «География и водные ресурсы», «Гидрометрология и экология» журналдарында бірқатар мақалалар жарияланды.
ҒЗЖ орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. 2025 жылға арналған жылдық есеп МемСТ 7.32-2017 талаптарына сәйкес тіркелді (Тіркеу нөмірі № 0225РК00647).