ИРН BR24992885. Тақырып жетекшісі: Устабаев Т.Ш.

• Жобалар

Бас мекеме – «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС.

Бірлесіп орындаушы мекеме: «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

2024-2025 жылдарға арналған есептер: ҚР ҒжЖБМ БМҚ ҒТП ИРН BR24992885 «Жайылымдық аумақтарды жер асты суларымен суландыру негізінде отандық мал шаруашылығын орнықты дамытудың ғылыми-практикалық негіздемесі» бойынша 217 «Ғылымды дамыту» ББ, 101 «Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша.

Басым бағыт: Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану.

Ғылыми бағыт: Су ресурстары; Топырақ сапасының, жердің тозуы мен шөлейттенудің өзекті мәселелерін зерттеу.

Тақырыптың мақсаты: Шалғайдағы мал шаруашылығын тұрақты экологиялық дамыту үшін жайылымдарды суландырудың техникалық құралдарын әзірлеу және сынақтан өткізу.

2024-2025 жылдарға арналған міндеттер:

  • Оңтүстік Қазақстанның әкімшілік облыстары үшін 2050 жылға дейін отандық мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін жайылымдық аумақтарды суландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу (2024 жыл).
  • Батыс және Орталық Қазақстанның әкімшілік облыстары үшін 2050 жылға дейін отандық мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін жайылымдық аумақтарды суландыру бойынша ұсынымдар әзірлеу (2025 жыл).

2024-2025 жылдарға арналған бағдарлама бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған ҒЗЖ өткізудің жұмыс бағдарламалары мен әдістемелері жасалды.

2024-2025 жылдарға арналған нәтижелер:

  1. Оңтүстік Қазақстан әкімшілік облыстарының (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу) жайылымдық аумақтарында жер асты суларының ресурстарын игерудің ұтымды технологиялық схемаларын таңдау және негіздеу орындалды (2024 ж.).
  2. Оңтүстік Қазақстанның әкімшілік облыстары үшін 2050 жылға дейін отандық мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін жайылымдық аумақтарды суландыру бойынша ұсынымдар әзірленді (2024 ж.).
  3. Батыс және Орталық Қазақстан әкімшілік облыстарының (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ұлытау және Қарағанды) жайылымдық аумақтарында жер асты суларының ресурстарын игерудің ұтымды технологиялық схемаларын таңдау және негіздеу орындалды (2025 ж.).
  4. Батыс және Орталық Қазақстанның әкімшілік облыстары үшін 2050 жылға дейін отандық мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін жайылымдық аумақтарды суландыру бойынша ұсынымдар әзірленді (2025 ж.).

Жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:

  1. Устабаев Т.Ш., Исмаилов Б.Д., Ахатова С.Ж., Басманов И.В. Жамбыл облысының жайылымдарының қазіргі жағдайы және даму перспективалары // Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Ғылым және білім» журналы, № 2-4 (79) 2025. DOI сілтемесі.
  2. Т. Ш. Устабаев, Г. С. Әлімбетова, Б. М. Жақсыбек, С. Ж. Ахатова. ҚР шалғайдағы жайылымдарында минералданған суларды тұщыландыру кезінде химиялық ерітінділерді кәдеге жарату технологиясын қолдану // М. Х. Дулати университетінің «Механика және технология» журналы, №2 (88). DOI сілтемесі.
  3. Т.Ш. Устабаев, Н. Н. Балғабаев, В. А. Тумлерт, Г. Е. Телгараева және т.б. Жайылымдарды суландыру үшін құрамында тұзы жоғары жерасты суларын су дайындаудың химиялық-технологиялық аспектілері // Механика және технологиялар – 2025. – №3(89). DOI сілтемесі.

ҒЗЖ орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. МемСТ 7.32-2017 сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған жылдық есептер ұсынылды және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да тіркелді.