BR22883585. Іс-шара жетекшісі: Тумлерт В.А.

• Жобалар

Бас мекеме – «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ.

Бірлесіп орындаушы мекеме: «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

2024-2025 жылдарға арналған есептер: ҚР АШМ БМҚ ҒТП BR22883585 «Жайылымдардың өнімді әлеуетін және ұтымды пайдалануды арттырудың тиімді технологияларын әзірлеу» бойынша 267 «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» ББ, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша.

Бағдарламаның мақсаты: өнімді әлеуетті арттыру және жайылымдарды ұтымды пайдаланудың тиімді технологияларын әзірлеу.

Басымдықтың атауы: Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту.

Мамандандырылған бағыт: Қарқынды мал шаруашылығы.

Іс-шараның атауы: «Жер асты суларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының жайылымдарын тиімді суландыру тәсілдерін әзірлеу».

Іс-шараның мақсаты: Жер асты суларын пайдалана отырып, жайылымдарды тиімді суландыру тәсілдерін әзірлеу.

2024-2025 жылдарға арналған міндеттер:

– жер асты суларының су алу құрылыстарын зерттеу арқылы Жамбыл облысының су ресурстарының нақты жай-күйін анықтау үшін жайылымдық жерлерге гидрогеологиялық зерттеу жүргізу (2024 ж.);

– ҚР шалғайдағы жайылымдарының суландыру құрылыстары бойынша жобалық деректерді жинау (2024 ж.);

– жер асты суларын пайдалана отырып, жайылымдарды тиімді суландыру тәсілдерін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу (2024 ж.);

– жер асты суларының су алу құрылыстарын зерттеу арқылы Түркістан және Қызылорда облыстарының су ресурстарының нақты жай-күйін анықтау үшін жайылымдық жерлерге гидрогеологиялық зерттеу жүргізу (2025 ж.);

– жер асты суларын пайдалана отырып, жайылымдарды тиімді суландыру тәсілдерін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізу (2025 ж.);

2024-2025 жылдарға арналған бағдарлама бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған ҒЗЖ өткізудің жұмыс бағдарламалары мен әдістемелері жасалды.

2024-2025 жылдарға арналған нәтижелер:

1) Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының су ресурстарының нақты жай-күйін анықтау үшін жер асты суларының су жинау құрылыстарын зерттеу жолымен жайылымдық жерлерге гидрогеологиялық зерттеу жүргізілді (2024-2025 жж.).

2) ҚР шалғайдағы жайылымдарының суландыру құрылыстары бойынша жобалық деректер жиналды (2024 ж.).

3) жер асты суларын пайдалана отырып, жайылымдарды тиімді суландыру тәсілдерін әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізілді (2024-2025 жж.).

Жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:

1) 2025 ж.: Исламов Е.И., Устабаев Т.Ш., Балғабаев Н. Н., Телгараева Г. Е. Қазақстанның құрғақ аймақтарының жайылымдарын дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары // «Қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, тозған топырақтың құнарлылығын арттырудың инновациялық технологиялары»: Халықаралық ғылыми-практикалық конф. Материалдары. Ташкент қ., Өзбекстан ұлттық университеті (НУУз), сәуір 2025 ж. // Өзбекстан аграрлық ғылымының Хабаршысы, №3 (21/2) 2025 Ж., Б. 319-323. Жарияланымға сілтеме.

ҒЗЖ орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. МемСТ 7.32-2017 сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған жылдық есептер ұсынылды және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да тіркелді. Түгендеу нөмірі №0124РК00876.