2025 BR22886885 Жетекші Калашников П.А.

• Жобалар

Бас ұйым – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ «СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ.

Бірлесіп орындаушы ұйым: «Қазақ Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

ҚазСШҒЗИ жауапты орындаушысы: П.А. Калашников.

2024-2025 жылдардағы есептер: 2-міндет: «Суармалы егін шаруашылығындағы су пайдалануды бағалау және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі сумен жабдықтау және суару жүйелерін дамыту» ғылыми-техникалық бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады: «Аграрлық өндірістің ресурстық әлеуетін пайдалану тиімділігін арттырудың ұйымдастырушылық-экономикалық шараларын әзірлеу» 267 «Білім мен ғылыми зерттеулерге қолжетімділікті жақсарту» бюджеттік ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында, 101 «Ғылыми зерттеулер мен іс-шараларды бағдарламалық қаржыландыру» кіші бағдарламасы, 154 « 2024–2026 жылдары агроөнеркәсіптік кешен саласында қолданбалы ғылыми-зерттеулерді жүзеге асыру үшін «Зерттеу қызметтеріне ақы төлеу» 154-спецификасы бойынша».

Іс-шараның мақсаты: аграрлық өндірісте су ресурстарын пайдалануға талдау жүргізу.

2024 ж. міндеттер:

– аграрлық өндірісте су ресурстарын пайдалану бойынша материалдар жинау;

– аграрлық өндірісте су ресурстарын пайдалануға талдау жүргізу.

2025 ж. міндеттер:

– SWOT – талдаумен аграрлық өндіріс саласындағы қолданыстағы су шаруашылығы жүйелері бойынша талдамалық ақпаратты ұсыну;

– аграрлық өндіріс саласындағы қолданыстағы су шаруашылығы жүйелерінің мәселелерін бағалау және анықтау.

2024-2025 жылдарға арналған бағдарлама бойынша ҒЗЖ күнтізбелік жоспарына сәйкес жұмыс бағдарламалары жасалды және 2024-2025 жылдарға арналған ҒЗЖ өткізу әдістемелері ұсынылды.

2024-2025 жылдардың нәтижелері:

2024 ж.:

1) Аграрлық өндірісте су ресурстарын пайдалану бойынша материалдар жиналды.

2) Аграрлық өндірісте су ресурстарын пайдалануға талдау жүргізілді.

2025 ж.

1) Аграрлық өндіріс саласындағы қолданыстағы су шаруашылығы жүйелері бойынша SWOT – талдаумен талдамалық ақпарат ұсынылды.

2) Аграрлық өндіріс саласындағы қолданыстағы су шаруашылығы жүйелерінің мәселелерін бағалау және анықтау жүргізілді.

3) Аграрлық өндіріс саласындағы қолданыстағы су шаруашылығы жүйелерінің мәселелерін бағалау бойынша ұсыныстар дайындалды. Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының аграрлық секторында пайдаланылатын қолданыстағы су шаруашылығы жүйелерінің жай-күйін бағалауға және мәселелерін анықтауға арналған. Оларға су ресурстарын тиімді басқару және ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін қажетті аймақтардың суару желілері мен су ресурстарының жағдайын талдау, бақылау, диагностикалау әдістері кіреді.

Бағдарламаның ғылыми бағыты бойынша ғылыми басылымдарда Жарияланымдар:

1) 2025 ж.: Ғылым комитеті ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымдағы мақала: Гриценко Н.В., Калашников П.А., Балгабаев Н.Н., Кудайбергенова И.Р., Кали А.С., Сейтказиева К.А., Борисюк Н.В. Климаттың өзгеруі және аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету контекстіндегі суармалы ауыл шаруашылығының тұрақтылығы// Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Ғылым және білім» ғылыми-практикалық журналы, № 3-3 (80) 2025. – Б. 98-107.

ҒЗЖ орындаудың күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық жұмыстар толық көлемде орындалды. ГОСТ 7.32-2017 сәйкес 2024-2025 жылдарға арналған жылдық есептер ұсынылды және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да тіркелді.