Су ресурстарын басқару

Су шаруашылығы жүйелерінің тиімді, қауіпсіз және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми, әдістемелік және технологиялық негіздерді кешенді түрде әзірлейді. Бұл қызметке климаттық және антропогендік факторларды ескере отырып гидрологиялық және экологиялық үдерістерді болжау, су пайдалануды стратегиялық және жедел жоспарлау тетіктерін қалыптастыру, гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін мониторингтеу, су қоймаларын жобалау және пайдалану үдерістерін ғылыми сүйемелдеу, сондай-ақ заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде су ресурстарын бақылау, есепке алу, бөлу және есептеу бойынша автоматтандырылған цифрлық жүйелерді әзірлеу және енгізу кіреді.
Негізгі қызмет бағыттары:
-суармалы егіншілік аймағындағы гидрологиялық үдерістер мен экологиялық жағдайларды болжаудың ғылыми негіздерін әзірлеу;
-су ресурстарын басқарудың ұлттық стратегияларын әзірлеу;
-әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде су шаруашылығы нысандары мен аумақтарының қауіпсіздігін мониторингтеу жүйелерін әзірлеу;
-су қоймаларын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
– гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйін аспаптық талдау арқылы бағалауды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеу;
– гидрологиялық және гидротехникалық сипаттамаларды өлшеудің заманауи технологияларына сәйкес келетін, жоғары дәлдікпен және цифрлық форматта жұмыс істеу мүмкіндігі бар су ресурстарын бақылау, есепке алу және басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу және енгізу;
– су деңгейін өлшеу нәтижелері негізінде су шығынын автоматты түрде қайта есептеу мен анықтауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу.