«Топырақ пен су сапасы» химиялық зертханасы

Зертхана қоршаған ортаның сапасы мен қауіпсіздігінің көрсеткіштерін анықтау мақсатында су мен топырақ сынамаларына кешенді химиялық және физика-химиялық зерттеулер жүргізеді.

Талдау түрлері:

  • Сутектік көрсеткіш: pH деңгейін анықтау;
  • Тұзды құрам: Топырақ пен судың тұзды құрамын талдау (сулы сығынды әдісі);
  • Иондық құрам: Карбонат және бикарбонат иондарын анықтау;
  • Минералдық құрам: Кальций, магний, сульфаттар мен хлоридтер;
  • Топырақ құнары: Гумус құрамын талдау және топырақты механикалық талдау;
  • Сіңірілген негіздер: Кальций (Ca), магний (Mg) және натрийді (Na) талдау;
  • Қоректік элементтер: Фосфор мен калийдің жылжымалы түрлерін, сондай-ақ нитраттарды талдау.

«Су сапасы» химиялық зертханасының прекурсорлар айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға 12.11.2021 ж. № 21031621 мемлекеттік лицензиясы бар (мерзімі 5 жыл).