Жалпы ақпарат
Миссия
ҚазСШҒЗИ миссиясы қолданбалы және іргелі зерттеулер жүргізу, су ресурстарын ұтымды, тиімді және қауіпсіз пайдалануға, сондай-ақ елдің су қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді әзірлеу және енгізу арқылы Қазақстан Республикасының су саласын дамытуды ғылыми, ғылыми-техникалық және жобалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Стратегиялық мақсаттар
Миссияны іске асыру мақсатында институт мынадай стратегиялық мақсаттарды айқындады: – су шаруашылығы жүйелерінің жұмыс істеу тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи инновациялық, цифрлық және автоматтандырылған технологияларды енгізу негізінде су ресурстарын басқару саласында ғылыми және ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуды қамтамасыз ету; – су тұтынуды азайтуға және су пайдаланудың өнімділігін арттыруға бағытталған су үнемдейтін суару технологияларын әзірлеу және енгізу есебінен ауыл шаруашылығында су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету; – ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеу және енгізу арқылы мелиорацияланған жерлерді пайдалану тиімділігін арттыруды, сондай-ақ олардың сапалық сипаттамалары мен экологиялық талаптарын ескере отырып, жер үсті, жерасты және коллекторлық-кәріздік суларды пайдалануды оңтайландыруды қамтамасыз ету.
Институт қызметінің негізгі бағыттары
Институт қызметі су саласының өзекті міндеттерін шешуді және климаттың өзгеруіне бейімделуін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Су ресурстарын қорғауды, ұтымды пайдалануды және орнықты басқаруды ғылыми қамтамасыз етуге бағытталған.
– су қорын қорғау және пайдалану саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ климаттық өзгерістердің су ресурстарына әсерін зерделеу және экономиканың су секторын бейімдеу тетіктерін әзірлеу (Қазақстан Республикасы Су кодексінің 29-бап, 1-тармақ, 2 тармақшасына сәйкес). Жұмыстар бюджет қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен орындалады;
– стратегиялық және қолданбалы шешімдерді әзірлеуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының су шаруашылығы кешенін қарқындату және орнықты дамыту процестерін ғылыми сүйемелдеу;
– ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалау жұмыстарын өз бетінше де, отандық және шетелдік ғылыми және өндірістік мекемелермен ынтымақтастықта да орындау, сондай-ақ инновациялық қызметті дамыту;
– су қорын қорғау және пайдалану саласында құқықтық, нормативтік-әдістемелік және технологиялық негіздерді әзірлеу, су үнемдеу тәсілдерін енгізу және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру (29-бап, 1-тармақ, 4 тармақша);
– озық ғылыми және цифрлық технологияларды қолдана отырып, су объектілері мен су ресурстарын бақылаудың, жай-күйін бағалаудың және болжаудың қазіргі заманғы әдістерін жетілдіру (29-бап, 2-тармақ, 4 тармақша);– су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарларының, оларды қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспарларының, сондай-ақ су шаруашылығы баланстарының жобаларын әзірлеу (29-бап, 2-тармақ, 6 тармақшасы);
– экономиканың түрлі салалары үшін су тұтыну мен су бұрудың ғылыми негізделген ірілендірілген нормаларын қалыптастыру (Су кодексінің 29-бап, 2-тармақ., 8 тармақшасы);
– озық шетелдік әзірлемелерді Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімдеуді және трансферттеуді қоса алғанда, су үнемдеу технологияларын жасауға және енгізуге бағытталған тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды жүргізу (29-бап, 2-тармақ, 9 тармақша);
– тәжірибелік-өндірістік алғашқы сынақтан өткізу және ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелерін су шаруашылығы практикасына енгізу (29-бап, 2-тармақ, 10 тармақша);
– су шаруашылығы және гидротехникалық құрылыстарды салуға, реконструкция-лауға, пайдалануға және консервациялауға байланысты жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға ғылыми-техникалық сараптаманы жүзеге асыру (29-бап, 2-тармақ, 11 тармақша);
– су саласына арналған мамандандырылған техника мен жабдықтардың тәжірибелік және шағын сериялы үлгілерін өндіруді ұйымдастыру;
– су мен топырақтың сапасы мен экологиялық жағдайын бағалау мақсатында оларға зертханалық талдау жүргізу;
– су шаруашылығы, аграрлық сектор және мелиорация мамандарын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өткізу курстарын ұйымдастыру және өткізу (29-бап, 1-тармақ, 6 тармақша);
– су шаруашылығының өзекті мәселелері бойынша ғылыми пікірталастарды, кеңестерді, конференцияларды, симпозиумдар мен семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысу;
– тәжірибе алмасуға, озық тәжірибелерді енгізуге және ғылыми зерттеулер деңгейін арттыруға бағытталған халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту.